Текст
15 сәуірде біздің мектепте жаратылыстану-математика ғылымдары апталығының ашылуы өтті, ол 2024 жылдың 15-22 сәуірі аралығында өтеді. Мақсаты: жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қызығушылықты дамыту; шығармашылық белсенділікке тәрбиелеу. Топтамада жоғары сынып оқушылары математика, физика, химия, география, информатика және биология сияқты ғылымдарды өлеңмен таныстырды. Сондай-ақ, балаларды жаратылыстану-математика ғылымдары апталығы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып, белсенділік пен табыс тіледі.