Текст
15 Сәуірде 5-сыныпта "Қазақстанның экологиялық мәселелері" атты сынып сағаты өтті. Олар аралдың проблемасы, аумақтың шөлейттенуі, судың ластануы туралы бейне оқулықты қарады. Оқушылар экология саласындағы ҚР заңдары, мемлекетте өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін қабылданатын шаралар туралы білді. Балалар сынып сағатын қорытындылай келе, туған жер мен табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігі, адамның Жер планетасындағы басты рөлі туралы қорытынды жасады.