30.04.2024 ж. 6-сынып оқушылары Муканов Санжар мен Худякова Аделина "Мың бала" Олимпиадасының 2-ші кезеңіне қатысты. Екінші кезеңде финалистер арасынан 1000 жеңімпаз таңдалады.
Іріктеу келесі бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалауды қамтитын компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады:
«Математикалық сауаттылық»;
«Қазақ тілі» қазақ тілінде оқытатын оқушылар үшін;
«Орыс тілі» орыс тілінде оқытылатын оқушылар үшін;
«Ағылшын тілі»;
«Жаратылыстану». Мың Бала Олимпиадасына қатысу нәтижелері бойынша:
Ең көп ұпай жинаған жеңімпаздарға Дарын, БИЛ қоса алғанда, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқыту ұсынылады.
Myn Bala олимпиадасының барлық қатысушыларына әрі қарай оқыту және дағдыларды дамыту үшін Birge Oqý онлайн мектебіне тегін кіруге рұқсат беріледі.