"Балалар еңбегі-Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптары мен шектеулері" Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі еңбек, мәжбүрлі еңбек және балалар еңбегінің ең нашар нысандары саласындағы кемсітушілікке тыйым салу болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде балалар еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас айқындалды. ҚР ЕК 31-бабы Осылайша, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға рұқсат етіледі. Сонымен бірге, кәмелетке толмаған адаммен, оның заңды өкілдерінің бірімен бірге Еңбек шартына қол қойылған жағдайда, еңбек шарты мыналармен жасалуы мүмкін: 1) 15 жасқа толған азаматтар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда;2) 14 жасқа толған оқушылардың оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарды орындауы үшін; 3) 14 жасқа толмаған адамдармен кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде шығармаларды жасауға және (немесе) орындауға денсаулығы мен адамгершілік дамуына нұқсан келтірместен қатысу үшін жүргізіледі. денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарды оқудан бос уақытта орындау үшін; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында 18 жасқа толмаған адамдарға қатысты еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға тыйым салулар мен шектеулер көзделген.