ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Бүгін – «Абай күні». 10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.
Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі күні алға қойған міндеттердің бірі. Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймақ емес.
«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.
Біз Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра береміз.
Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды мəн-маңызы жоғары, ругани мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.