Текст
16 қыркүйекте "мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері"тақырыбында жалпы мектептік жиын өткізілді. "Менің Қазақстаным" – оқу аптасының басында білім алушылар мен педагогтар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. "Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері" мақсаты: балалардың мектептегі мәдени мінез-құлық ережелері туралы білімдерін бекіту. Міндеттері: бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Сөйлеуді, ойлауды, қиялды дамыту. Жолдастық, өзара сыйластық, мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу.