"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын сақа" республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі.

04.10.2024

2024 жылдың 03 қазанында біздің мектептің 3-4 сынып оқушылары “Алтын сақа” республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңіне қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру, ғылыммен таныстыру, математикалық ұғымдарды талдауға үйрету, сыни тұрғыдан ойлау, күрделі мәселелерді шешу, олимпиадалық резервті қалыптастыру, қабілетті балаларды анықтау және ынталандыру.
Олимпиада тапсырмалары тек үш бөлімнен тұрады. Үш бөлімге жалпы 60 минут уақыт бөлінеді, осы уақыт ішінде әр бөлімдегі тапсырмаларды орындай отырып, ең жоғары балл - 100 балл жинау керек. 
Бірінші бөлім. Тест жұмысы: 7 тапсырма беріледі, әр дұрыс жауап үшін 4 ұпай, жалпы ұпай саны 28. 
Екінші бөлім. Тест жұмысы: 6 тапсырма беріледі, әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай, жалпы ұпай саны 30. 
Үшінші бөлім. Бос орынды толтыру: 7 тапсырма беріледі, мұнда оқушылар тек жауаптарын толтырады. Әрбір дұрыс жауап үшін 6 балл беріледі, жалпы балл саны 42. 
Қазылар алқасы қорытындылап, олимпиада нәтижелерімен хаттама ұсынды.

 

Просмотров: 62


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст